Түркістан облысының диқандары өнімін ешқайда өткізе алмай отыр

Шымкенттен Жетісайға (шамамен 270 шақырым) автокөлікпен шыққан Азаттық тілшісіне коронавирус пандемиясына байланысты қойылған бес блокбекеттен өтуге тура келді. Әр бекетте полиция қызметкерлері көлікті тексеріп, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. 29 сәуір 2020 жыл.

Егістік алқабында капуста теріп жүрген диқандар. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Егістік алқабында капустаны көлікке тиеп жатқан адамдар. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Диқан Анарбай Әшімтаев егістік алқабында тұр. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.
 

Егістік алқабының шетіндегі капуста тиелген трактор тіркемелері. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Капуста тазалап отырған қыз. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Егіндіктен жинаған капустаны жүк көлігіне тиеп жатқан адамдар. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Егіндіктен жинаған капустаны тракторға тиеп, әкетіп бара жатқан диқан. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Капуста сұрыптап тұрған қыз. үркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

- Төрт банктен кредит алып, 30 гектар жерге капуста ектік. Бағасына қарамай өткізіп жатырмыз. Карантин. Ресейге жіберген капустаның да саудасы тоқтап тұр. Қазір екі капустаның біреуі жарылған. Оны жейтін мал таппай, далаға төгіп жатырмыз, - дейді диқан Мұқан Сүлейменов. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Абай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрғали Танабаевтың Азаттыққа айтуынша, ауылда 2300 гектар егіндік жер бар. Оның 230 гектарына биыл капуста еккен. Алғашында диқандар бір келі капустаны 30 теңгеге бағалаған. Бірақ коронавирус пандемиясы кесірінен өнімге сұраныс болмай, қазір ол баға 10-12 теңгеге ($0,02-0,03) түскен.

Нәзира Өтегенова өнімді еш жерге өткізе алмай отырған диқандарға үкіметтен көмек жоғын айтады. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Абай ауылдық округі. 29 сәуір 2020 жыл.
 

Сәуірдің соңына қарай Түркістан облысында капустаны еш жерге өткізе алмай, тіпті тегін алатын ешкім табылмаған соң кей дихандардың егістік алқабындағы өнімді шауып, жойып жатқаны туралы әлеуметтік желіде видеолар тарады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкіметтен капуста еккен диқандарға көмек сұрады. Өңірде жылына 300 мың тонна көкөніс өндіріледі, 250 мың тоннаға жуығы Ресейге жіберілетін. Шөкеев қазір облыста 250 мың тонна дайын капуста жиналып қалғанын, елдің өзге аймақтарымен меморандум жасалғанымен өнім алушы табылмай отырғанын айтады.

Коронавирусқа байланысты карантин енгізілген аймақтағы блокбекет. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.

Абай ауылдық округі, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, 29 сәуір 2020 жыл.