"Су келгенде қаштық". Тасқын басқан ауыл халқы баспана сұрайды

Your browser doesn’t support HTML5

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су басқан Жеңіс ауылының халқы үйде қалған заттарын өздері тасып әкетіп жатыр. Олар әкімдіктен көмек болмағанын, қауіп ерте ескертілмегенін айтады. Әкімдік қираған үй-жай қайта салынады дейді. Жағдайды жергілікті деңгейде шешеміз деген Түркістан облысының әкімі үкіметтен көмек сұрады.