Үшқоңырдағы айт намазы

Your browser doesn’t support HTML5

Шілденің 17-і күні таңертең Алматы түбіндегі Үшқоңыр ауылындағы "Қарасай" мешітінде айт намазы оқылды. Қазақстан мұсылмандары қасиетті рамазан айы аяқталып, Ораза айт мейрамының басталуымен бір-бірін құттықтады. Үш күнге жалғасатын Ораза айт кезінде әр отбасында дастарқан жайылып, бір-бірінің үйіне айтшылап келген қонаққа арнайы әзірленген дәм ұсынады.