Қазақстан үшінші сынағы аяқталмаған QazVac екпесін жаппай салуды бастамақ

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан алдағы аптадан бастап ел ғалымдары жасаған екпені жұртқа сала бастамақ. Вакцина әлі сынақтан толық өтпеген.
Қазақстандық ғалымдар бір жылда, үш мың адамның ағзасында сыналған коронависқа қарсы екпе жасап шықты. Үкімет екпенің атын екі рет өзгертіп, «QazVac» деп атады. Сарапшылар вакцина толық тексеруден өтпеді десе де, екпені жаппай салу сәуірдің 26-сында басталмақ. Бұған дейін оның тиімділігі 95 пайыздан кем емес екені айтылған.