"Тоқаев!" Жәрдемақы жүйесіне наразы әйелдер билікке барды

Your browser doesn’t support HTML5

Нұр-Сұлтанда көп балалы, жалғызбасты және мүгедек бала тәрбиелеп отырған ондаған әйел жәрдемақының жаңа форматына қарсы шығып, 13 қаңтарда билікке келді. Олар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің шығуын талап еткен. Бірақ министр шықпады. Кейін наразы әйелдер президент резиденциясына қарай бет алғанда олардың жолын арнайы жасақ бөгеді.