Айымбетовті әуежайда Назарбаев қарсы алды

Your browser doesn’t support HTML5

Бүгін халықаралық ғарыш станциясынан Жерге оралған қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка және даниялық астронавт Андреас Могенсен Астанаға келді. Оларды Астана әуежайында қарсы алғандардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Ғарышкерлер мен президент Назарбаев әуежайда БАҚ өкілдеріне шағын брифинг өткізді. Астана, 12 қыркүйек 2015 жыл.