Белсенді Ботагөз Исаеваның үйін тінтті

Your browser doesn’t support HTML5

Талғар қаласында тұратын белсенді Ботагөз Исаеваның үйін Алматы облыстық ішкі істер департаменті тергеушілері тінтті. Ботагөз Исаеваның айтуынша, "Ұлтаралық араздық қоздырды" деп айыпталып, қазір Қордайда соты жүріп жатқан блогер Ермек Тайшыбеков "Исаеваның жазбаларында ұлтаралық араздық қоздыру белгілері бар" деген арыз түсірген. Тінту осы арыз негізінде жасалған. Ал белсендінің үйіне келген билік өкілдері қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Ермек Тайшыбековтің үстінен іс қозғалуына Ботагөз Исаеваның арызы түрткі болған еді.