"Моңғолиядан келген көлік дауын иелері шешеді"

Your browser doesn’t support HTML5

Бүгін үкімет дауға айналған Моңғолиядан әкелінген көліктер мәселесіне қатысты пікір білдірді. Кеше Астанада Бас прокуратура ғимараты алдына он шақты адам жиналып, көліктерін жол полициясы мен Қаржы министрлігі уақытша автотұраққа алып кеткенін айтып шағынған. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұрын Моңғолияда жүрілген Оңтүстік Корея автокөліктерін Қазақстанға кіргізгенде жалған құжат жасалған. Оны реттеуді министр көлік иелерінің жауапкершілігіне қалдырып отыр. Яғни, көліктің қазіргі иелері бұл мәселені сот арқылы көлік сатқандардан даулай алады немесе кеден төлемін өздері төлеуі керек болады. Астана. 17 шілде, 2018 жыл