Әмин Елеусіновтің ісін Астанада қарайды

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада алдын ала сот басталғанға дейін кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусінов Азаттыққа денсаулығы сыр бергенін айтты. Сот Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (ОСС) компаниясы мұнайшыларының кәсіподағы төрағасының ісін Ақтау қаласында қарауды сұраған адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмады. Қаңтар айында ОСС жұмысшылары компанияның Ақтаудағы кәсіподақ кеңсесінде және Қаламқас пен Жетібай кеншітерінде екі апта бойы аштық акциясын өткізген.