Қайрат Жамалиевтің үкімі

Your browser doesn’t support HTML5

Астаналық 24 жастағы Әліби Жұмағұловқа зорлық жасаған деп айыпталған жергілікті кәсіпкер Қайрат Жамалиевті сот 13 жылға бас еркіндігінен айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Жамалиевтің адвокаты Сәлімжан Мусин «тағайындалған жаза – қылмысқа сай емес, тым қатал» деді журналистерге. Сотталушының туыстары үкімді естігенде дауыстап жылады. Кейбіреулері оқиғаны түсіріп тұрған журналистерге тап берді. Астана, 7 тамыз 2015 жыл.