Астанада құрылысшылар жалақыларын талап етті

Your browser doesn’t support HTML5

Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» ұшақ тұратын ангары құрылысын салып жатқан ондаған жұмысшы жалақысын төлеуді талап етті. Өздерін "СТС Генподряд" құрылыс компаниясының жұмысшыларымыз деген 30 шақты адам Астанадағы компания кеңсесі алдына жиналды. Жұмысшылардың айтуынша, олар үш айдан бері жалақы алмаған. Ал компанияның бас директоры Вячеслав Запорожецтің сөзінше, компания құрылысқа тапсырыс беруші тарап қарызын бермегендіктен жалақы төлей алмаған, "бірақ бүгін жұмысшыларға 50 мың теңгеден ақша беріледі". Астана, 8 қыркүйек 2017 жыл.