Телефон тіркетудің артында не тұр?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда 26 миллион ұялы телефонның 14 миллионы тіркелген. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды. Былтыр жыл аяғында қабылданған байланыс және БАҚ туралы заңнамаға өзгерістер бойынша, 2019 жылдан бастап барлық ұялы телефондардың IMEI кодтары иелерінің атына тіркелуі тиіс. Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев "тіркелу құзырлы органдарға азаматтарды аңдуға жол ашпайды" деп cендіреді.