"Қызметінен кетсін". Нұр-Сұлтанға келген шаруалар министр Қарашөкеевпен қалай кездесті? Қаз-қалпында

Your browser doesn’t support HTML5

22 желтоқсанда ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев бейбіт шеру өткізбек болған шаруаларды министрлікке шақырды. Қазақстанның бірнеше өңірінен келген қырықтан көп адам мал шаруашылығына бөлінетін субсидияның аздығын, жайылым жер мен мал азығының тапшылығын шешіп беруді талап етті. Маңғыстаулық шаруалар өңірде қуаңшылықтан қырылған мал санының "өтірік есебін" жойып, қайтадан санауды, қалған малды аман алып қалуға көмек сұрады. Шаруалар министр бұл талаптарды орындамаса, "қызметінен кетсін" деп талап етті.