Тоқаев құрған қордың құрамы мен қаржы көзі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда қаңтардағы наразылықтан кейін президент пәрменімен құрылған қоғамдық қорға 12 млрд теңге түскен. Ресми дерекке сәйкес, 17 қаңтарда ел халқы ұйым шотына 10 млн теңге аударған. Ал бірнеше күн бұрын «Қазақстан халқына» деген атау берілген қордың қамқоршылық кеңесі бекіді. Бірақ сарапшылар тізімде билікке ыңғайлы адамдар ғана бар дейді.