1917 жылы желтоқсанның 5-і мен 13-і аралығында Орынбор қаласында екінші жалпықазақ құрылтайы өтіп, «Алаш» қазақ автономиясы құрылды. Автономия үкіметі «Алашорда» деп аталды.
Қазақ автономиясының құрамына сол кездегі Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары, Әмудария, Закаспий облыстарындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы қазақтар тұратын өңір кіретін болып белгіленді.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың уақытша орны Семей қаласы болады деген ұйғарым жасалды.
Азаттықтың 13 қазан күні өткізген онлайн-конференциясының қонағы алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы Алашорда жөнінде сөз етті.
Дихан Қамзабекұлымен онлайн-конференция, 1-бөлімі
Дихан Қамзабекұлымен онлайн-конференция, 2-бөлімі
Your browser doesn’t support HTML5