Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау

Your browser doesn’t support HTML5

Риодағы Қазақстан баспасөз орталығында олимпиада жүлдегерлері марапатталды. Рио олимпиадасында Қазақстан 11 тамыз күні 11-сатыға көтерілді. Мұндай өзгеріске ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзгіш Дмитрий Баландиннің алтын жүлделері әсер етті. Әзербайжанда туған ауыр атлет Нижат Рахимов 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ал алматылық Дмитрий Баландин – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.