Көлі өзгерсе де, жолы өзгермеген Есік

Your browser doesn’t support HTML5

1958 жылы Қазақ ССР Министрлер советі "Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы" қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін Алматыдан 55 километр жердегі Есік көліне апаратын тасжол төселіп, автовокзал салынды. Сол жылы қазан айында осы жолдың ашылу рәсімі өтті. 1963 жылы жазда көлді сел ағызып әкеткенімен, тауды қиялай салынған жолды ел әлі пайдаланып келеді. Көлдегі орасан апаттың зардабын қалпына келтіру үшін 30 жылдай уақыт қажет болған. Селден қаза тапқандардың саны әлі күнге дейін белгісіз. (Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған).
1958 жылы Қазақ ССР Министрлер советі "Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы" қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін Алматыдан 55 километр жердегі Есік көліне апаратын тасжол төселіп, автовокзал салынды. Сол жылы қазан айында осы жолдың ашылу рәсімі өтті. 1963 жылы жазда көлді сел ағызып әкеткенімен, тауды қиялай салынған жолды ел әлі пайдаланып келеді. Көлдегі апаттың зардабын жою 30 жылдай уақытқа созылды. Селден қаза тапқандардың саны әлі күнге дейін белгісіз.

(Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған видео).