"Үй іргесінде қабір тұр". Көксайда зират ауыл шекарасына жетіп қалды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы іргесіндегі Көксай ауылының зират аумағы үлкейіп, тұрғын үйлердің түбіне келді деп шағымданды тұрғындар. Олар жер телімін сатып алғанда зират жабылады деген уәде берілгенін айтады. Бірақ кейін жерлеу қайта басталған.