Қазақстан не үшін Falcon 9-ды таңдады?

Your browser doesn’t support HTML5

SpaceX компаниясы бортында 60-тан астам микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды. Зымыран тасығыштағы екі спутник Қазақстанға тиесілі. Қазақстан билігі бұған дейін спутниктерін ұшырып жүрген ресейлік "Днепр" бағдарламасының жабылуына байланысты Қазақстан өзге елдің зымыран-тасығышын іздеуге мәжбүр болғанын айтқан. Халықаралық басылымдар соңғы жылдары Falcon 9 ресейлік "Союз" зымыранымен бәсекеде озып келе жатқанын жиі жазады.