Хадиджа Исмаилова. Түрмедегі 1 жыл

Your browser doesn’t support HTML5

Әзербайжан билігінің коррупциялық әрекеттері туралы зерттеу мақалаларымен танылған Азаттықтың Бакудегі журналисі Хадиджа Исмаилованың түрмеде отырғанына бір жыл болды. Қыркүйек айында сот оны жеті жарым жылға соттады. Оны соттауды көптеген сарапшылар биліктің кек алуы деп санайды. Хадиджаның өзі де бұл істің "саяси астары бар екенін, журналистік қызметі үшін жазаланғанын" мәлімдеген.