Киев мэрі тұрғындарға мүмкіндігінше қаладан кетуге кеңес берді

Виталий Кличко

Киевтің мэрі Виталий Кличко Ресей әскерінің шабуылына байланысты қала тұрғындарын уақытша астанадан кетуге шақырды.

France-Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Кличко қала “тірі қалу” режиміне көшетінін айтып, Ресей әскері маңызды инфрақұрылым нысандарын соққылап жатқандықтан
жаппай дағдарыс қаупі туындағанын жеткізді.

8 қазанда күндіз және кешке Ресей әскері Киевтегі ең ірі энергетика нысандарына шабуылдаған. Бұл жөнінде Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады.

Қалада жарық өшіп, метроның жұмысы уақытша тоқтатылды. Бейсенбі күні кешке Киевтің кәріз жүйесі уақытша істемей қалғаны белгілі болды.

“Қанша жақсы дайындалсақ та, егер әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істемесе, жағдайымыз мүшкіл болуы мүмкін” деді Кличко AFP агенттігіне.

Дегенмен Киев мэрінің сөзінше, мәселе толық эвакуация жөнінде болып отырған жоқ, себебі бұл “қаңыраған қалаларды алу үшін Путин күткен ең жақсы сценарий болмақ”.