Ақмола облысының әкімшілік орталығы Көкшетауда әйел адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды" деп жазылған облыстық полиция хабарламасында.
Тұрғындардың сөзінше, қаза болған әйел 12 жастағы қызын жалғыз өзі тәрбиелеген.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тұраққа бұрылған көліктің жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткені жөнінде видео тараған. Видеода әйел адамның көліктің астына кіріп кеткені көрінеді.
Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.