Украинадағы әскери парад

Your browser doesn’t support HTML5

Киевте Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парад өтті. Оған 25 мыңнан аса әскери қызметшілер мен курсанттар, ондаған әскери техника қатысты. Украина президенті Петр Порошенко жақын болашақта үкімет армияны қайта жарақтандыруға қырық миллиард гривеннен (үш миллиард долларға жуық) аса қаржы жұмсайтын болады деп мәлімдеді. Парадқа қатысқан әскери қызметшілер мен техниканың бір бөлігі шара бітісімен елдің шығысында террорға қарсы операциялар жүріп жатқан аймаққа аттанды. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.