Қырғыз оппозиционері Садыр Жапаров 11,5 жылға сотталды

Your browser doesn’t support HTML5

Бішкектің Бірінші май аудандық соты 2 тамызда парламенттің бұрынғы депутаты, оппозициялық саясаткер Садыр Жапаровқа 11,5 жыл түрме жазасын кесу туралы үкім шығарды. Оған "адамды кепілге алды", "бұзақылық жасады", "өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Жапаров 2013 жылғы қазанда Қарақолдағы митингіге қатысқан. Наразы топ Құмтөр кенішінің маңында Ыстықкөл облысының өкілін жібермей, күшпен ұстап қалған еді. Жапаров өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.