Қырғызстан үкіметі отставкаға кетпек

Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды.

18 наурызда "Ата-Мекен" партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығатындарын мәлімдеген. Заң бойынша, 2012 жылдың қыркүйегінен бері премьер-министр қызметінде болған Жантөрө Сатыбалдиев пен оның үкіметі отставкаға кетуі тиіс.

"Ата-Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиевтің "былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады" деген. "Ата-Мекен" партиясы бұған қоса үкімет басшысын "Қырғызстан өз үлесін арттыруды көздеп, "Құмтөр" алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады" деп те айыптаған.

Таратылған үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанша қызметін жалғастыра береді.