Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефонмен сөйлесіп, оған Ресей күштері Киевтегі украина әскері орналасқан нысандарға жүйелі түрде шабуыл жасайтынын жеткізген.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Лавров америкалық тарапқа" Ресей әскері "Украина қарулы күштері пайдаланатын Киевтегі нысандарға және тиісті шешім қабылдау орталықтарына жүйелі және жаппай шабуылдар жасай бастағаны" жайлы "ресми түрде хабарлаған".
Бұған қоса ақпаратта Лавровтың Рубиоға "Анкоридждегі" "жоғары деңгейде" жасалған "келісімдерді" еске салып, Еуропа мен Украинаны осы келісімдерді бұзды деп айыптағаны айтылған.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұған дейін Киевке әуе шабуылдарын жалғастырамыз деп сес көрсетіп, Ресей армиясы Киевтегі Украинаның әскери-өнеркәсіп кешені нысандарына "дәйекті соққылар жасай бастайды" деп мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігі сонымен қатар нысанаға "шешім қабылдау орталықтары" мен басқару бекеттері алынатынын мәлімдеген еді.
Ресей билігі мұны 22 мамыр түнде Луганск облысының Ресей басып алған бөлігіндегі Старобильскіге жасалған шабуылмен байланыстырды. Сыртқы істер министрлігі шабуыл "шыдамды тауысты" деп мәлімдеді.