Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өлтірілді

Саиф Каддафи

Ливияның бұрынғы көсемі Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Саиф Каддафи Ливияда өлтірілді. Бұл туралы ақпарат агенттіктері, жергілікті БАҚ және араб телеарналары хабарлады. AFP ақпарат агенттігі Саиф Каддафи мен оның кеңесшісінің туыстарына сүйене отырып жазды.

Саудиялық Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, 53 жастағы Саиф Каддафи Ливияның батысындағы Зинтан қаласы маңында қаза болған. Оны өз үйінің бақшасында атып өлтірген деп айтылады.

Саиф Каддафи - Ливияны 1979-2011 жылдары басқарған Муаммар Каддафидің екінші ұлы. Саиф Каддафи ресми түрде лауазымды қызмет атқармаған, бірақ 2011 жылы оның режимі құлағанға дейін сыртқы саяси келіссөздер мен ішкі істер мәселелеріне жетекшілік еткен.

Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін Саиф "бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасады" деген айыппен тұтқындалып, өлім жазасына кесілді. 2017 жылы оның босатылғаны белгілі болды. 2021 жылы кіші Каддафи Ливия президенттігіне үміткер екенін жариялады, бірақ сайлау кейінге қалдырылды.

Ливия 2011 жылдан бері елде азамат соғысы жүріп жатыр, елді саяси тұрақсыздық жайлаған. Елде билік бірнеше топқа бөлінген: елдің батысы – БҰҰ қолдаған ұлттық келісім үкіметінің бақылауында, елдің шығыс бөлігін Халифа Хафтар және ол басқаратын Ливия ұлттық әскері бақылауда ұстап отыр.

Түркия, АҚШ және басқа да бірқатар ел Ресейді Ливия қақтығысына араласты деп бірнеше рет айыптаған.