Осы аптада болуы тиіс маңызды оқиғалар

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жаттығуы. Ресей.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.

Дүйсенбі, 5 қыркүйек

Әзербайжан: Әзербайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров 5-6 қыркүйек күндері Сербияға барады.

Әзербайжан/Қазақстан: Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Бакуге жұмыс сапарымен барады (6 қыркүйекке дейін).

Ауғанстан: Кабулде «Орталық Азиядағы есірткіге қарсы квартета» – Екінші аймақтық есірткіге қарсы конференциясы өтеді. Конференцияның алдында, 2011 жылы 2 қыркүйекте Ауғанстан, Пәкістан, Ресей және Тәжікстан президенттері Душанбеде кездескен.

Украина/Ресей: Украинаның сыртқы істер министрі Константин Грищенко Мәскеуге жұмыс сапарымен барады.


Сейсенбі, 6 қыркүйек

Ресей: Дания патшайымының Ресейге сапары (9 қыркүйекке дейін).

Ресей: Франция сыртқы істер министрлігі басшысы Ален Жюппе Мәскеуге барып, қауіпсіздік мәселесі жөніндегі ресей-француз кеңесі отырысына қатысады (7 қыркүйекке дейін).

Ресей: Мұсылман киносының Қазан халықаралық фестивалі Қазанда 6-11 қыркүйекте өтеді.

Ресей: Хабаровскіде «Амур – 2011» ресей-қытай конференциясы өтеді (9 қыркүйекке дейін).

Украина: Украина Жоғарғы Радасының (алтыншы шақырылым) ашылуы.

Украина: Ялтада Crimea Music Fest халықаралық музыка фестивалі өтеді (10 қыркүйекке дейін).


Сәрсенбі, 7 қыркүйек

Армения: Ереванда жыл сайын өтетін Еуропаның «Мамандық дамуы» халықаралық мемлекеттік қызметкерлер форумы «Мемлекеттік қызмет реформалары: мақсат пен нәтиже» тақырыбына арналады (9 қыркүйекке дейін).

Армения: Еуроодақтың Оңтүстік Кавказ және Грузиядағы дағдарыс жөніндегі жаңа арнайы өкілі Филипп Лефорт Арменияға барады.

БеларусьXX өндірістік меншікті қорғау жөніндегі Мемлекет аралық кеңестің біріккен отырысы және Интеллектуальдық меншікке байланысты құқық бұзуды болдырмау жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қатысушы мемлекеттердің біріккен жұмыс комиссиясының жиыны (9 қыркүйекке дейін).

Қазақстан: Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қытайға ресми сапармен барады (9 қыркүйекке дейін).

Ресей: «Әлеуметтік саналуандық тұсындағы заманауи мемлекет» халықаралық саяси форумы  Ярославль қаласында Ресей президенті Дмитрий Медведевтің қамқорлығымен өтеді. Форумға Түркия президенті Абдулла Гүл де қатысуы керек (8 қыркүйекке дейін).

Ресей: 24-халықаралық Мәскеу кітап көрме-жәрмеңкесі (12 қыркүйекке дейін).


Бейсенбі, 8 қыркүйек

Әлем: Халықаралық сауаттылықты жетілдіру күні.

Қазақстан: Алматыда Банк ақпараты технологиялары конференциясы өтеді.

Украина/ТМД: Киевте ТМД елдері Мемлекеттік жоғарғы бақылау орындары жетекшілері кеңесінің мемлекетаралық сессиясы өтеді (9 қыркүйекке дейін).


Жұма, 9 қыркүйек

Армения: Армения оппозициясы Еревандағы Азаттық алаңында шеру өткізеді.

Беларусь: 16-халықаралық «Белая вежа» театр фестивалі Бресте 9-16 қыркүйекте өтеді.

Бельгия: Қара Теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымының инвестициялық бизнес-саммиті Брюссельде өтеді.

Ресей: Владивостокта Бесінші Тынық мұхиты экономикалық конгресі өтеді (10 қыркүйекке дейін).

Тәжікстан: Тәжікстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл.


Сенбі, 10 қыркүйек

Әлем: Өзін-өзі өлтіруді тыюдың әлемдік күні.

ТМД: Астраханда ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді.


Жексенбі, 11 қыркүйек

ТМД: Анапада Латвия, Литва, Эстония және ТМД елдерінің «Киношок-2011» – XX ашық кино фестивалі өтеді (19 қыркүйекке дейін).

Ресей: Иркутскіде Халықаралық Байкал экономика форумы өтеді (14 қыркүйекке дейін).

Өзбекстан: Италиялық кәсіпкерлер делегациясы Өзбекстанды аралайды (15 қыркүйекке дейін).