Мәмбеталин мен Нарымбаевтың үкімі

Your browser doesn’t support HTML5

22 қаңтарда кешкісін Алматы соты азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты тиісінше екі және үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қос белсенді Facebook әлеуметтік желісінде, өз айтуларынша, интернет-сайттан көшіріп жариялаған кітап үзіндісі үшін «алауыздық тудырды» деген айыппен сотқа тартылған. Белсенділердің туыстары мен жақтастары соттың үкімін әділетсіз деп атады.