Маск: Украина Starlink-ті пайдалану шартын бұзған

Илон Маск

SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Украина Starlink-ті шабуылға пайдаланды, бұл олқылықты жойдық деп мәлімдеді.

«Адамдардың өліміне әкелетін шабуыл жасау үшін азаматтық коммерциялық қызмет — Starlink-ті пайдалануға ешқашан рұқсат берілген емес және берілмеуі де керек. Әскери мақсатқа арналған басқа жүйе — Starshield бар. Ол АҚШ үкіметінің бақылауында. Оны қалай пайдалану керегін солар шешеді» деді Маск.

Оның айтуынша, Украина әскери күштері Starlink-ті дрондармен шабуыл жасауға пайдаланып, қызмет көрсету шарттарын бұзған. Соның салдарынан адамдар қаза болған. «Өткен аптада осы олқылық жойылды» деп жазды ол.

Алайда Масктің жазбасынан бұл Украинада спутниктік желінің екі түрінің де баяулағанына қандай қатысы бары түсініксіз.

Украина президентінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов Украина Starlink-ті алыс немесе орта қашықтықтан жасалған соққыларға пайдалана алмайды деп мәлімдеді. Оның сөзінше, 2026 жылдың қысынан бері Украинадағы барлық Starlink терминалдары, оккупацияланған аумақтағылары да бар, сағатына 70-90 шақырым жылдамдықпен жұмыс істеп тұр. Бұл шектеулі жылдамдық. Ал Ресей аумағында Starlink істемейді.

Маск сонымен бірге SpaceX компаниясы Украинаны қорғау үшін әлемдегі кез келген басқа жеке компаниядан әлдеқайда көп еңбек сіңіргенін айтты. Оның сөзінше, Starlink-ті толықтай өшіру майдан шебіндегі жағдайдың күйреуіне әкелуі мүмкін.

«Starlink Украина қорғанысы үшін аса маңызды жүйе болып қала береді. Өйткені әзірге оны радиоэлектрондық кедергілер арқылы басып тастау немесе жою мүмкін емес. Егер Starlink өшірілсе, Украина майданы бірден күйрейді. Бұл — қоқан-лоқы емес, тек фактіні алға тарту» деп қосты Маск.

Украина қорғаныс министрінің бұрынғы кеңесшісі Сергей Стерненко өз кезегінде, Starlink қозғалатын нысандар, мысалы дронда істеу үшін, терминал 2026 жылы ақпанда енгізілген "ақ тізімде тіркелуі керек" және Starshield-қа да қосылуы керек. Яғни, бір дронның қозғалысын үйлестіру үшін бір желіні ғана пайдалану мүмкін емес.

  • Украинада Starlink спутниктік байланыс жүйесінің жылдамдығы 14 қазанға қараған түні баяулаған еді. Бұл соққы дрондарының жұмысын қиындатып, Ресей әскерінің соққысынан қорғануға мүмкіндік бермеген еді. Ақпарат құралдары мұны Киев пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың салқындауы, атап айтқанда "дизель келісіміне" байланысты "дауласуларымен" байланыстырған еді.
  • Бірқатар БАҚ Starlink жұмысын баяулату туралы бастаманың ар жағында Ақ үй тұр деп жазған. Тағы біразы SpaceX басшысы Илон Масктен күдіктенген. АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай бұйрық бергенін жоққа шығарды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Starlink-тің жұмысы тікелей SpaceX-ке тәуелді екенін айтты.
  • 24 қазанда Зеленский Starlink-тің жұмысы қалпына келгенін растады.