Сәкен Майғазиев басқаратын мекеме Наурыз ұйымдастырғанға 74 млн теңгені негізсіз аударған

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте Наурыз тойына бөлінген жарты миллиард теңгеден астам қаражат дауы әлі аяқталған жоқ. Қаржы есебін сұраған белсендіге мемлекеттік ішкі аудит департаменті жауап беріп, әнші Сәкен Майғазиев басқаратын мекеме биыл 74 миллион теңгені негізсіз аударған деген. Аудит материалдары жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне жолданған.