Медиа: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті

Семен Скрепецкий пикетте тұр

Польшаның Беля Подласка қаласында ресейлік ер адам атып өлтірілді, деген ақпарат таратты Onet және Polsat News басылымдары полиция мәліметіне сүйеніп. wPolsce24 телеарнасы суретші және акционист Семен Скрепецкий қаза тапқан деп хабарлады. Бұл туралы Беларусь оппозициялық DzikMedia telegram-арнасы да жазды.

Польша телеарнасының мәліметінше, автотұрақта Скрепецкийге жақындап барған біреу бірнеше рет оқ атқан. wPolsce24 күдіктілердің бірі Беля Подласкадағы Беларусь консулдығы жанында ұсталған деп хабарлады. DzikMedia дерегінше, кісі өліміне күдіктілерді қылмыс орнына Беларусьтен барған такси жүргізуші жеткізген.

Прокуратураның баспасөз қызметі ер адамның өлтірілгенін растады, бірақ оның аты-жөнін жарияламады.

Семен Скрепецкий – саяси карикатураларымен танымал ресейлік суретші Роберт Кузовковтың бүркеншік аты. Ол Владимир Путинді, Алексей Навальныйды, Рамзан Қадыровты және Александр Лукашенконы салған. Скрепецкий 2021 жылы Ресейден Польшаға қоныс аударған.

Биыл 12 маусымда, Ресей күні, Скрепецкий шалбарына Ресей туын байлап, аяғына шәркей киіп, Сталин мен Путиннің икона стилінде салынған суретін ұстап пикетке шыққан.