БАҚ: Украинаның дрон шабуылынан соң Ресейдің Саратов мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Ресейдегі Саратов мұнай өңдеу зауыты

Украинаның 8 шілде күнгі дрон шабуылынан кейін Ресейдің Саратов мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Зауыттың күніне 20 мың тонна мұнай өңдейтін бастапқы өңдеу қондырғысы зақымдалған деп жазды Reuters. Бұл – зауыттағы жалғыз осындай қондырғы.

Апта басында украиналық дрон шабуылы салдарынан Ресейдегі ең ірі Омбы мұнай өңдеу зауыты да жұмысын тоқтатқан, ондағы екі қуатты қондырғы бүлінгені туралы хабар тараған.

Украина күштері кейінгі айларда Ресейдің мұнай инфрақұрылымына тұрақты түрде әуе шабуылын жасап келеді. Шабуылдардан кейін Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай қат болып, бензин бағасы өсіп, отын сатуға шектеу енгізілген.