Биыл Совет одағы құрамында болған республикалар тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр. Азаттық Азия редакциясына берген сұхбатында Цюрих университетінің профессоры болып жұмыс істейтін қазақстандық зерттеуші Ботагөз Қасымбекова советтік кезеңге отарлау тарихы деп қарауды ұсынады. Ол Ресейдің неліктен өзін әлі күнге дейін империя емес, азат етуші ретінде көрсететіні, бұл мифтің Орталық Азияға қалай әсер ететіні және Украинадағы соғыс Мәскеу мен советтік кезеңге деген көзқарасты өзгерткен-өзгертпегені жайлы пікірін айтты.
Қырғызстан тәуелсіздік күнін 31 тамызда, Өзбекстан 1 қыркүйекте, Тәжікстан 9 қыркүйекте, Түркіменстан 27 қыркүйекте және Қазақстан 16 желтоқсанда атап өтеді.
Бұл елдердің тәуелсіздік алғанына 35 жыл толып отыр. Бірақ олар советтік мұрадан арыла алды ма?
Цюрих университетінің профессоры болып жұмыс істейтін қазақстандық зерттеуші Ботагөз Қасымбекованың зерттеу тақырыптары: сталинизм мен постсталинизм, Ресей империясының және Совет одағының тарихы. Оның "Despite Cultures: Early Soviet Rule in Tajikistan" ("Мәдениетті елемеу: Тәжікстандағы совет билігінің бастапқы кезеңі") дейтін алғашқы кітабы Совет одағының Орталық Азиядағы империялық стратегияларына арналған. Кітап Питтсбург университетінің баспасынан шыққан. Совет одағының тарихына отарлау кезеңі деп қарауды ұсынады. Ол бұған жерлерді тартып алуды, ашаршылықты, ядролық сынақтарды, республикаларды экономикалық тұрғыда тәуелді етуді және тарихи жадтың бақылауда болуын мысал етеді.
Постколониализм мен деколониализм
Азаттық Азия: Ресей ұзақ уақыт бойы өзін империядан гөрі азат етуші күш ретінде көрсетті. Орталық Азиядағы совет билігін ескерсек, бұл нарративтің қаншалық қисыны бар?
Ботагөз Қасымбекова: Ресей ешқандай елге басып кірген жоқ, олар Ресей құрамына өз еркімен қосылды деген миф бар. Мұны Орталық Азия елдеріне қарата да қолданады. Бірақ шындығында Ресей Орталық Азияға басып кірді. Олар еуропалық отарлаушы империялар сияқты қарумен кіріп, алапат зорлық-зомбылық жасады.
Отарлау күш қолдану арқылы іске асырылды және Ресейдің Орталық Азия жөніндегі саясаты дискриминацияға сүйенді. Советтік кезең Ресей отаршылдығының ең қатыгез кезеңдерінің бірі болды.
Ресейден қоныс аударғандар су көзі бар шұрайлы жерлерді тартып алды. Бұған Ыстықкөлді мысал етуге болады. Ресейден қоныс аударғандарға құнарлы жерді беріп, қырғыздарды ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайсыз жерлерге жіберді. Онда орнықты өмір сүру қиын болатын.
Орталық Азия халықтары өз жерлерінен айырылды. Яғни тіршілік көзінен қағылғандай болды.
Бұл әсіресе қазақ даласында өте анық байқалды. Су көзіне қол жеткізген адам бүкіл аумаққа, егемендікке қол жеткізеді. Ол тәуелсіз бола алады. Совет заманында, ұжымдастыру кезеңінде мұның бәрін тартып алды. Ұжымдастыру Мәскеу мен қазіргі Санкт-Петербургтің дамуына қажет ресурстарды тәркілеу науқандарымен қатар жүрді.
Ботагөз Қасымбекова
Бұрын жайлы жерлерді тартып алса, советтік кезеңде коммунизм ұранымен малды, бүкіл мүлікті тартып алды.
Ұжымдастырудың алғашқы жылдары қазақтардың 40 пайызына жуығы ажал құшып, 10 пайызы босып кетті. Яғни халық саны 50 пайызға қысқарды. Соның әсерінен советтік кезеңнің алғашқы жартысында халықтың 28–32 пайызын құраған қазақтар өз елінде азшылыққа айналды.
Меншіктен осындай шектен тыс айыру, жаппай зорлық-зомбылық, өлім мен ашаршылық әдейі жүргізілген саясат болды. Мәскеу не болып жатқанын нақты білді және бұл жағдайға көз жұма қарады.
Ал Өзбекстанды мақта плантациясына айналдырды. "Эйджент Оранж" — Вьетнамдағы соғыс кезінде қолданылған гербицид. Оны ауыл тұрғындарын азық-түліктен айыру үшін қолданған. Кей дереккөзге қарағанда, Совет одағы бұл гербицидті Өзбекстандағы мақта шаруашылығында сынаған. Гербицидті денсаулыққа ауыр зиян тигізетіні айтылады. дейтін пестицид Вьетнамдағы соғыс жылдары биологиялық қару ретінде қолданылса, Мәскеу соған ұқсас нәрсені Орталық Азияда мақта өсіру ісінде қолданған. Бұл халықтың денсаулығына көптеген ұрпаққа жететін зиян келтірді.
Германияның Юлия Обертрайс дейтін тарихшысы бар. Ол өзбектер ластанған су, қалаларда тұратын орыстар басқа су ішкенін дәлелдеген.
Яғни су мәселесінің өзінде сегреация болған. Бұл өте қатыгез отарлау саясаты болатын. Өйткені қалалар қоныстану арқылы отарлаудың орталығы еді. Ал жергілікті халықтар ондағы игіліктерге қол жеткізе алмады. Түрлі шектеулер арқылы адамдардың жүріс-тұрысын тежеп отырды.
Мұндай сегрегациялық қатынастар әскери әдістермен қатаң бақыланды. Мысалы, қырғыз тарихшысы Аминат Чокобаева – Назарбаев университендегі тарих кафедрасының доценті. Ол Орталық Азиядағы ұлттардың қалыптасуы мен отаршылдықты зерттейді. анықтауынша, Ресейден қоныс аударғандардың 5 пайызы Қырғызстандағы советтік банктерде болған несие ресурстарының 95 пайызын, ал бүкіл қырғыз халқы қалған 5 пайызын ғана пайдалана алған. Жай ғана осындай сандардың өзі-ақ дискриминацияның қаншалық ауыр болғанын көрсетеді.
Советтік ядролық зымырандардың 90 пайыздан астамы Қазақстанның қазақтар тұрған аумақтарында сыналған.
Біріншіден, бұл адамдар ештеңе білмеді: оларға ядролық сынақ жүргізілетіні туралы хабарланбаған. Оның үстіне Мәскеуден келген дәрігерлер оларды зертханалық тәжірибе нысаны ретінде бақылап, ядролық сынақтардың адам ағзасына қалай әсер ететінін зерттеді. Оларға емделуге, не болып жатқанын білуге және қандай да бір медициналық көмек алуға мүмкіндік берілмеді. Соның әсерінен қазір бізде өзін-өзі қол жұмсау деңгейі жоғары, жерлер ластанған. Осы сынақтардың салдарынан әлі көптеген ұрпақ жапа шекпек.
Ресей де, Ресей қоғамы да бұл туралы, яғни зорлықшыл, қатігез отарлық қысым туралы туралы айтпайды. Мен сіздерге Орталық Азияның отарлық тарихының шағын ғана бөлігін айтып отырмын. Жұрт оны біледі, өйткені бұл – олардың бастан кешкен өмірі. Тарихты өшіре алмайсың, жұрт оның салдарымен күні бүгінге дейін бетпе-бет келіп отыр.
Орталық Азия халықтарының ұрпақтары қаласа да, қаламаса да осы отаршылдық мұрасына душар болады. Олар тіпті Ресейдің пропагандасын тыңдағысы келсе де, олардың тәні басқа шындықты айтып тұрады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Санадағы бұлқыныс: Орталық Азияда Ресейдің отарлық мұрасынан арылу қалай жүріп жатыр?Бұл – классикалық постотаршылдық жағдай. Отарланған халық өз жадын өшіруге тырысады. Ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов "Боранды бекет" (1980) романында сипаттаған аңыз. Шығармада тұтқынның басына түйенің шикі терісін кигізіп, күннің астында қалдыратыны, азап шеккен тұтқын өз аты-жөнін, отбасын, шығу тегін ұмытып, құлға айналатыны жазылған.туралы, жадынан айырылып, отарлаушысын жақсы көретін адам туралы жазғаны бар.
Отаршылдықтың ең сәтті түрі – отаршылдықтың лас жұмысын отарланғандардың өздері атқаратын, яғни отарлаушының нарративін өздері қолданатын жағдай.
Бүгінде Орталық Азияда әлі де көптеген адам отарлық нарративпен өмір сүреді. Бұл – шешілмеген тарихи түйіннің белгісі емес. Бұл жартылай отарлық империялық күйдің белгісі. Отаршылдықтың мұрасы өте күшті және ол ұзақ сақталады. Оны еңсеру өте қиын. Сабақтастық бар. Сондықтан бұл жағдай постотаршылдық деп аталады, өйткені формалды түрде отаршылдық аяқталғанымен, оның салдары жалғаса береді.
Постколониализм және деколониализмнің айырмашылығы осында.
Постколониализм жағдайында біз отарлық тарихты танып-білуге және оның салдарын қарастыруға тырысамыз. Бұл – өте ұзақ жол. Біз әлі де постколониялық шындықта өмір сүріп жатырмыз.
"Біз езгі мен теңсіздікке қарсымыз"
Азаттық Азия: Ресей өзін азат етуші күш ретінде көрсететін түсінікті қалай қалыптастырды және қазіргі ресейлік әскери пропаганда советтік және оған дейінгі империялық идеяларға қалай сүйенеді?
Қасымбекова: Коммунистік идеяның бір бөлігі әлемді отаршылдық пен империализмнен азат ету болды. Большевиктер жеке меншікті жойып, жалпыға бірдей еңбек міндетін енгізсек, буржуазия мен пролетариат та, қанаушы ұлт пен қаналушы ұлттар да болмайды дегенге сенді.
Олар: "Коммунизм орнатсақ, барлық мәселені шешеміз" деп ойлады. Алайда Мәскеуде отырған большевиктер бұл идеяны басқалардың бәріне күштеп таңуға құқылымыз деп санады.
Алайда украиндар мен грузиндер сияқты халықтардың өз социалистік бағдарламалары болды. Олардың идеялары ұқсас еді, бірақ оларды өздерінің ұлттық аумақтарында жүзеге асырғысы келді. Бұған большевиктер билікке келгенге дейінгі патшалық Ресейдің отаршылдық тәжірибесі себеп болды.
Бұл жерде империализм мен отаршылдықтың айырмашылығын түсінген абзал.
Отаршылдық – елдің егемендігін жойып, өз басқару институттарың мен заңдарыңды орнату. Яғни метрополия өзінің әкімшілік құрылымдарын таңады. Ол өз адамдарын – жергілікті өкілдерін, губернаторларын немесе басқа да қызметкерлерін жібереді. Совет заманында Мәскеуден жіберілген коммунистер соның мысалы бола алады. Олар сондай-ақ өз заңдарымен келеді. Яғни сырттан билік орнатылады.
Империализмде елге ықпал етуге тырысасың: оның күн тәртібіне, саясатына, халықаралық қатынастарына әсер етесің, бірақ өз ережелеріңді, құрылымдарыңды, заңдарыңды күштеп енгізбейсің. Сенің идеяларыңды ұсынып, саясатыңды жүргізетін адамдарды өзің апармайсың.
Украина, Әзербайжан, Армения, Беларусь дегендер – Ресей империясы құлаған соң тәуелсіздігін жариялаған жаңа елдер еді. Большевиктер оларды егемендігін айырып, ол елдерге коммунизмді тықпалады: өз адамдарын, заңдарын апарды. Бұл отаршыл империя болатын.
Бұл идея жаңа одақтас іздеу мақсатында бүкіл әлемде, Даулы ұғым. Әдетте Африка, Азия, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдеріне қарата қолданады. Олардың көбі кезінде отар болған және экономикалық тұрғыда әлі де отарлаушыға тәуелді.пайдаланылды. Олар "тек еуропалық империялар ғана, капитализм ғана отаршыл, ал біз отаршылдықпен күресеміз" деген риториканы қолданды. Әрине, бұл идея көптеген адамды қызықтырды. Өйткені оның негізінде "біз езгіге қарсымыз, біз теңсіздікке қарсымыз" әмбебап адамзаттық қағида бар еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Сұлтанхан Аққұлы: Тарих совет дәуіріндегідей Мәскеудің қыспағымен жазылып жатырТарихи тұрғыдан алғанда, Батыстың, Еуропаның отаршылдығы болғаны рас. Бірақ Ресей өзі де сол еуропалық отаршылдық тарихының бір бөлігі болғанын жасырады. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдығы да, советтік отаршылдық та ресурстарды "сорып алатын", нәсілшіл әрі "өркениет әкелуші" сипатта болды.
Орталық Азия және Украинадағы соғыс
Азаттык Азия: Тарихтағы бұл империяшыл әрі отаршыл құрылымдарды Путин режимі әлі қолданып отыр. Бірақ Украинадағы соғыс советтік әскери мифология мен империялық идеологияны қайта қарауға түрткі болғандай. Бұл әсіресе Еуропада қатты көрінеді. Мұндай өзгеріс Орталық Азияда байқала ма?
Қасымбекова: Әрине. Мәскеу Орталық Азияны өз ауласы деп қабылдайды және өзін бұл елдердің сыртқы саясатын анықтауға құқылы санайды. Осы тұрғыдан олар Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан сияқты елдердегі зерттеулерге, ғалымдардың советтік кезеңге қандай баға беретініне мұқият қарап отыр. Отарлық санадан арылуға бастайтын, советтік режимге сыни қарайтын ұстанымдарды Мәскеуге өзіне соққы көреді, сөйтеді де дау шығарады. Мәскеу Орталық Азия халықтарының тарихи жадын бақылауда ұстағысы келеді.
Азаттық Азия: Ресейдің империялық мифологиясы туралы еңбектеріңізде "империялық пәктік" терминін қолдандыңыз. Бұл ұғым нені білдіреді және оны Орталық Азияға қалай қолдануға болады?
Қасымбекова: Бұл – Ресей мемлекеті мен қоғамының өзіне өзі айтатын нарративі. Олар Ресей империя болмаған, болған күннің өзінде ол қайырымды империя болды, яғни зорлық пен теңсіздікті, қудалауды, мәдениет пен ұлттарды жаншуды емес, өркениет пен дамуды әкелді деп санайды.
Тіпті либерал элитасы мен интеллектуалдарына қарасаңыз да, олардың арасында мәселе отаршылдықта емес, мәселе авторитаризмде деген ойды байқайсыз.
Бұл дегеніңіз – Ичкерия шешен республикасымен, Татарстанмен, Бурятиямен және Сахамен қарым-қатынастағы отаршыл саясат пен қарым-қатынасты елеусіз қалдыру деген сөз.
"Біз империя емеспіз, біз жай ғана Ресей деген мемлекетпіз". Өзіне сыни тұрғыдан қарай алмау көршілерге деген қарым-қатынасына және олармен өзара байланыстарына әсер етіп отыр.
Ресейде мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да: "біз сендерді құтқардық", "біз сендерді дамыттық", "сендерге өркениет әкелдік, сендер алғыс айтуларың керек" деген идея айтылады. Мұндай "империялық пәктік" белгілі бір талаптарға әкеледі. "Біз сендердің даму жолдарыңдар өзімізді құрбан еттік, сендер бізге алғыс айтып, адалдық танытуларың қажет" деген сияқты.
Азаттық Азия: Орталық Азия халықтары әлі де осы "империялық пәктік" идеясын қабылдап отыр ма, әлде Украинадағы соғыс адамдардың оған деген көзқарасын өзгертті ме?
Қасымбекова: Орталық Азияның түрлі қыры бар. Алған тәжірибесі әрқалай. Мұны әсіресе советтік кезеңге қарата айтып отырмын. Бірақ маңыздысы постсоветтік кезең. Оны постколониялық кезең деп те атауға болады.
Совет одағы ыдыраған соң, Орталық Азия елдері түрлі экономикалық қиындықтарға тап болды. Ресурс ретінде қолданылған постколониялық елдерге тән жағдай. Мәселен, советтік кезеңде Өзбекстанға индустрияландыру жүргізуге табанды түрде мүмкіндік бермеді. Ал өзбек басшылары Мәскеуден индустрияландыруды үнемі сұрап отырған. Оларға әрдайым кедергі жасалды. Яғни олардың дамуына тыйым салынды.
Осы отарлық саясат пен оның саяси сипатына байланысты бұл қоғамдарға саяси тұрғыдан дамуға мүмкіндік берілмеді. Мәскеуде қайта құру мен жариялылық басталған кезде егемендікке ұмтылған кез келген белгі басып-жаншылып отырды.
Салдарынан бұл қоғамдар дами алмады, азаматтық қоғамы қалыптаса алмады. Сөйтіп постколониялық кезеңде авторитаризмнің белең алғанын көріп отырмыз. Бұл әлемдегі көптеген постколониялық қоғамдарға тән.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ресей депутаты Орталық Азия оқулықтарынан "русофобия" көретінін айтты. Сарапшылар не дейді?Көп нәрсе адамның білім деңгейіне, қаншалықты көп оқитынына, өткенді қаншалықты жақсы білетініне байланысты.
Әрине, бұл елдерде азаматтық қоғамдар бар. Ресейдің отаршылдығына, ресейлік империализмге және советтік кезеңге өте сыни қарайтын көшбасшылар да бар. Әсіресе әлеуметтік желілерде тарайтын ақпаратқа қол жеткізе алатын, өзіне сенімді жас ұрпақ арасында мұндай көзқарас күшейіп келеді. Бірақ Орталық Азияның азаматтық қоғамдарында өте қуатты үндер шығып жатыр. Кейбірі енді пайда болса, кейбірі күш алып, дамып жатыр.
Сірә, Орталық Азияның түрлі аумақтарында Ресей пропагандасын тыңдап, Ресей телеарнасын көретіндер, соған сенетіндер бар-ақ.
Дегенмен жалпы алғанда Орталық Азияда "деколонизациялық бетбұрыс" қалыптасып келеді.
Орталық Азияда Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысына күшті реакция болғанын көрдік. Мұны, әсіресе, ортақ шекарасы бар әрі өзін украиндармен қатар қоя алатын Қазақстаннан байқауға болады. Меніңше, бұл – Ресей отаршылдығына қарсы ашық білдірілген наразылық.
Тәуелділіктен туындаған сақтық
Азаттық Азия: Орталық Азия халықтары Украинадағы соғысты басқыншылық деп қабылдай ма, әлде оған "империялық пәктік" тұрғысынан қарай ма?
Қасымбекова: Меніңше, екі көзқарас та бар. Олар қатар өмір сүріп жатыр және адамның жасына қарай түрленеді.
Жас ұрпақ мұны негізінен басқыншылық деп қабылдайды. Ал ересек буынның бір бөлігінде Ресей өзін қорғап жатыр деген "империялық пәктік" түсінігі бар.
Тіл білу деңгейі мен ақпарат ағыны көп рөл атқарады. Орыс тілін білетіндер ресейлік телеарналарды көріп, ресейлік пропагандаға душар болады.
Ұрпақтар арасында алшақтық бар. Бірақ бұл жерде мен негізінен Қазақстан туралы айтып отырмын. Қырғызстан мен Өзбекстанда бұл мәселеге саяси тұрғыдан қарау қатты байқалмайды. Өйткені бұл елдерінде миграциялық фактор бар. Ол елдерден Ресейге баратындар көп, олар бұл нарративке бейімделуге тырысады. Оның үстіне бұл елдер Ресеймен шектеспейді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Бізден төменсің деп үнемі көзге шұқитын". Ресейдегі байырғы халықтардың нәсілшілдік пен кемсітуге қарсы күресіҚырғызстан азаматтық қоғамы мұны анық басқыншылық деп қабылдайды. Өйткені Қырғызстанның демократиялық даму тарихы ұзақ. Олар өздерінің демократиялық даму жолындағы жетістіктерін, не үшін күрескенін, мұның Ресейге ұнамайтынын түсінеді.
Азаттық Азия: Орталық Азия елдері деколонизацияны Ресеймен қазіргі экономикалық және саяси қарым-қатынастарын сақтай отырып қатар жүргізе ала ма?
Қасымбекова: Орталық Азияның геосаяси жағдайына байланысты бұл постколониялық жағдайдың түрлі қиындықтары бар. Егер Қазақстан Еуроодақпен шектесетін болса, әлдеқайда белсендірек болып, тұрақты әрі қауіпсіз дамуға ұмтылар еді.
Бірақ мұны көріп отырған жоқпыз. Өйткені геосаяси ахуал бар. Орталық Азия елдері бұл жағдайда қалай дамуға болатынын түсінуге тырысып жатыр. Сол себепті Ресеймен қарым-қатынаста сақтық танытады.
Азаттық Азия мақаласы ықшамдалып аударылды.