Молдовадан Ослоға ұшқан кезде Зеленскийдің ұшағына "дрон тие жаздаған"

Украина президенті Владимир Зеленский мен зайыбы әуежайды. Осло, 8 қыркүйек, 2026 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Кишиневтен Ослоға ұшып шыққан кезде әуеде "дрон тие жаздаған". Бұл туралы журналистерге Норвегияның премьер-министрі Йонас Сторе айтты деп хабарлады норвегиялық NRK телеарнасы.

Зеленский Ослода Норвегия королі V Гарольдті жерлеу рәсіміне қатысты.

Украина президенті Норвегияға сапары барысында сол елдің премьері Сторемен және қаржы министрімен, сондай-ақ НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесті. NRK арнасына берген сұхбатында Сторе Зеленский әңгіме барысында өз ұшағы "қауіпке" ұшырағанын айтқанын растады.

Зеленскийдің кеңсесі норвегиялық телеарнаның президент ұшағы жайлы сұрақтарына жауап бермеген.

8 қыркүйекте Молдованың қорғаныс министрлігі Ресейдің "Шахед" типті дроны ел аумағына өтіп кетіп, Старые Михайляны ауылы маңына құлағанын мәлімдеген еді.

Дрон Молдованың әуе кеңістігін жергілікті уақыт бойынша 16:20 шамасында бұзып өткен, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.