Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Мұхтар Тілеуберді

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Бұған дейін министрлікті Ермек Көшербаев басқарған.

Тілеуберді бұл қызметке екінші рет тағайындалып отыр. Алғаш рет 2019 жылы қыркүйекте сыртқы істер министрі болып, бұл қызметті 2023 жылдың көктеміне дейін атқарды.

2022-2023 жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар атқарды.

2023 жылдың тамызынан бері бүгінге дейін Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болған.

Мұхтар Тілеуберді - ұзақ жылдан бері Қазақстанның сыртқы істер саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіби дипломат. Ол әр жылдары сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымдарда болған, Азия және Еуропа елдерінде төтенше және өкілетті елші, сыртқы істер министрінің орынбасары сияқты қызметтер атқарған.