Қазақстан СІМ: Ресей депутаттарының жер туралы айтқаны – "бос сандырақ"

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей мемлекеттік думасы депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоровтың "Қазақстан аумағы – Ресейдің сыйлығы" деген сөзін Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "бос сандырақ" деп атады және бұл Мәскеудің ресми көзқарасын білдірмейтінін айтты.