Мұрат Мұханов төтенше жағдай министрі болды

Мұрат Мұханов. Сурет үкімет сайтынан алынған.

Мұрат Мұханов төтенше жағдай министрі болып тағайындалды.

ТЖМ-ны 2024 жылдың ақпанынан бері Шыңғыс Әрінов басқарған. Ол бұрын президенттік күзет қызметінің басшысы болған.

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында туған. Азаматтық қорғау жүйесінде 2002 жылдан бері қызмет істеп келеді. 2006 жылы Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2020 жылы Ресей ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.

2024-2026 жылдары Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы болды.

41 жастағы Мұханов маусымнан бері ТЖМ аппаратына жетекшілік еткен.

3 қыркүйекте Әлібек Қуантыров экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. 2023 жылдың қыркүйегінен бері аталған министрлікті Ерлан Нысанбаев басқарған.

42 жастағы Әлібек Қуантыров бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Оның алдында “Kazenergy” қауымдастығының бас директоры болды. 2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың ақпан аралығында ұлттық экономика министрі болды.

Мұханов – Құрылтай жұмысқа кіріскеннен кейін "жасақталған" жаңа үкіметте ауысқан санаулы министрлердің бірі. Министрлердің көбі қызметтерінде қалды.