НАТО ұшақтары Латвия әуе кеңістігінде алғаш рет дронды жойған

Dassault Rafale B жойғыш ұшағы (көрнекі сурет)

8 маусым күні таңертең Латвияның әскери өкілдері НАТО миссиясы аясында Балтық елдерінің аспанын шолып жүрген Франция әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Латвияның шығысында әуедегі дронды атып түсірген.

Латвия басылымдары ол дрон Ресейдің радиоэлектронды күрес құралдарының әсерінен бағытынан жаңылып, ел аумағына кіріп кеткен болуы мүмкін деп хабарлады. Бұл жерде ресейлік нысандарға бет алған украин дроны жайлы айтылып отыр.

Ресейдегі нысаналарға ұшырылған украин дрондарына байланысты оқыс оқиғалар кейінгі кезде үнемі болып тұрады. Бұл жолы ондай дрон алғаш рет атып түсірілді. Ал маусым айының басында әлгіндей дрондардың бірін атып түсірмеудің аяғы үкімет дағдарысына себеп болып, ақыр соңында үкімет құрамы мен премьер-министр ауысқан.

Лудза және Режекне муниципалитеттерінің тұрғындары дүйсенбі күні таңертең әуе кеңістігінен қауіп төнгені туралы "қызғылт сары" ескерту алған, бұл оларға паналайтын орын іздеу керек деген белгі, деп жазды DELFI. Кейіннен билік қауіп сейілгенін айтқан.

Молдованың қорғаныс министрлігі де 8 маусымға қараған түні елдің әуе кеңістігіне дрон еніп кеткенін хабарлады. Молдова аумағында табылған дрон сынықтарына қарағанда, ол жарылғанға ұқсайды, деген әскери мекеме. Ешкім зардап шекпеген. Министрлік табылған сынықтар зерттеліп жатқанын, өткен түні "Ресей дрондар мен зымырандарды қолданып Украинаға жаппай шабуыл жасағанын" айтты.

Кейіннен Молдованың сыртқы істер министрлігі әлгі дрон украиналық болуы ықтимал екенін, бұл оқиғаға Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан соғысы себеп болғандықтан жауапкершілік Ресейге жүктеледі деп хабарлады.