НАТО ұшқыштарға ресейлік әскери ұшақтарды атып түсіруге рұқсат беруі мүмкін

НАТО Ресеймен шекараны күзететін ұшқыштарға шекараны бұзған ресейлік әскери ұшақтарды атып түсіруге рұқсат беруі мүмкін. Шекара маңын күзететін одақтың барлау дрондары қарумен жабдықталуы ықтимал. Бұл жөнінде Financial Times жазды.

Ресейлік ұшақтар мен дрондардың әуе кеңістігін бұзуы жиілеген шақта одақ мұндай оқиғаларға шара қолдану мәселесін қарастырып жатыр. Мәселені Ресеймен шекаралас елдер қозғаған, оларды Ұлыбритания мен Франция қолдаған. Қазір пікірталасқа бірнеше мемлекет араласқан.

FT-дың жазуынша, одақ өкілдері Ресей шекарасы маңында әскери жаттығу өткізуді де қарастырып жатыр. Басылым дереккөзінің айтуынша, қабылданатын шешім ресми түрде айтылмайды – ол жөнінде тек шара қолданылғаннан кейін белгілі болады.