Дауыс беруге келген Назарбаев Кәрім Мәсімов пен Қайрат Сатыбалды ісі жөнінде айтты

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында өз дауысын "Астана операсында" орналасқан №393 сайлау учаскесіне келіп берді. Дауыс берген соң "мемлекетке сатқындық жасады" және өзге де ауыр баптар бойынша айыпталған ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің және 6 жылға сотталған немере інісі Қайрат Сатыбалды ісіне байланысты пікір білдірді.