Қытай-Непал шекарасында екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі бір қазақстандық іздестіріліп жатқанын, туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткенін айтқан еді.
“Қазақстан сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырып жатыр, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған” деді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов. Оның сөзінен "Қазақпарат" үзінді келтіреді.
Непалдың Тибетпен шекарасында 26 тамызда жойқын сел болып, сондағы үйлер мен құрылысты, инфрақұрылым нысандарын лай аралас су басқан еді. Кейінгі мәлімет бойынша, кемінде 389 адам қаза болған. Мыңға жуық адам іздестіріліп жатқанын, басым бөлігі турист екені хабарланды. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Селге алып мұздың тау өзеніне құлауы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады.