Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлық шығарды. Бұл туралы 6 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

49 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылғы сәуірден бері Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды. 2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте істеп келе жатқан ол Қызылорда қаласы мен облысы басшысы, сол өңірдегі Шиелі ауданы әкімі болып қызмет істеген.

2021 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болған.

2022 жылдың қаңтарынан бері премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын атқарып келген Роман Склярды Тоқаев осыдан бір күн бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің башысы етіп тағайындаған.