11 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы "Гранд Сентрал" метро станциясында мачете (жүзі ұзын шапқы) ұстаған ер адам жұртқа тап беріп, үш адам адам зардап шеккен. Кейін полиция күдіктіні атып өлтірген. Оқиға салдарынан пойыз қозғалысы бұзылды.
Жергілікті басылымдар метродағы оқиға салдарынан 84 және 65 жастағы екі ер адам басы мен бетінен жараланған, 70 жастағы әйелдің иығы тілінген деп жазды.
Полиция мәліметінше, күдікті адам қаруын тастау туралы бірнеше мәрте жасалған талапқа бағынбаған. Ол өзін "Люцифермін" деп атаған. Полиция 44 жастағы күдіктінің аты-жөні анықталғанын хабарлады.
Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул "мағынасыз зорлық-зомбылық әрекетінен бейкүнә адамдар зардап шекті" деп мәлімдеді.
Нью-Йорк мэрі Зоран Мамдани полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс айтып, оқиғаға қатысқан офицерлердің кеуде камераларындағы бейнежазбалар жарияланатынын хабарлады.