Батыс Қазақстан облысы орталығында 14 және 16 жасар екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған. Мұны жергілікті "Мой город" басылымы жазды.
Бейресми ақпарат бойынша, 6 қазанда кешкі мезгілде болған оқиға салдарынан 14 жасар қыз бен 16 жасар ұл бала көз жұмған.
Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, екі жасөспірім қалай және қандай жағдайда қаза болғанын анықтап жатыр.