Өскеменде "Қазмырыш" зауытында болған жарылыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті

Өскемендегі "Қазмырыш" компаниясы зауыты. 2022 жылғы сәуір айы. Фото авторы – Мерей Қайнарұлы.

Өскемендегі "Қазмырыш" компаниясына қарасты зауытта 5 мамырда болған жарылыстан қатты зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Мұндай ақпаратты компания 12 мамырда өз Instagram-парағында жариялады.

"Қазмырыш" қаза тапқан адамның отбасына және зауыттағы төтенше оқиғадан зардап шеккендердің бәріне жәрдем көрсетіп жатқанын айтты.

"Оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасып, мемлекеттік органдармен бірлесіп тергеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр", деп хабарлады компания.

"Қазмырыш" Өскемен металлургиялық кешені қазір мырыш және қорғасын балқыту зауыттарында өндіріс қуатын уақытша төмендетіп жұмыс істеп жатқанын айтып отыр.

5 мамыр күні Өскеменде "Қазмырыш" зауытының металлургиялық алаңында түтін шығару құбырларын тазалау кезінде жарылыс болып, оның аяғы өртке ұласқан, өндіріс орны ішінара құлап, бүлінген.

Әуелгіде компания екі адам қаза тауып, бес адам жараланды деп хабарлады. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігі жеті адам зардап шеккенін, олардың екеуі қайтыс болғанын нақтылаған. Денесінің 90 күйіп қалған бір адамның жағдайы ауыр екені, ал екіншісінің омыртқасына зақым келгені жайлы хабар тараған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ІІМ"Қазмырыштағы" жарылысқа байланысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты"Қазмырыш" зауытындағы жарылыс салдарынан екі адам қаза таптыӨскеменде "Қазмырыш" зауытында болған жарылыс өртке ұласып, бірнеше адам ауруханаға түскен