Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 25 мыңнан астам азаматын эвакуациялады

10 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 25 047 азаматын эвакуациялады. Бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда,

  • Сауд Арабиясынан — 21 017;
  • Біріккен Араб Әмірліктерінен — 3 555;
  • Ираннан — 47;
  • Қатардан — 394;
  • Бахрейннан — 27;
  • Оманнан — 7.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі кезде өзбек азаматтары әуе кеңістігі жабылмаған елдерден эвакуацияланып жатыр.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға жаппай әуеден соққы жасағаннан кейін Иран Израиль мен Американың Таяу Шығыстағы әскери нысандарын соққылаған. Бахрейн, Кувейт, Сирия, Ирак, Иран, Қатар және Израильдің әуе кеңістігі жабық күйінде қалған. Тек осы елдерге 28 ақпанға дейін ұшқан азаматтарды қайтаруға бағытталған кейбір рейстерге ғана ұшу рұқсат етілген еді.

Жуырда Өзбекстан көлік министрлігі 10 наурыздан бастап Сауд Арабиясы мен БАӘ-дан екіжақты жолаушылар тасымалына рұқсат берді.