Өзбекстанда оқитын шетелдіктердің едәуір бөлігі Үндістан мен Түркіменстаннан келген

Өзбекстан статистика жөніндегі ұлттық комитетінің дерегінше, 2025 жылы елге оқуға 39,7 мың шетел студенті келген. Бұл 2024 жылғы дерекпен салысырғанда 58,2 пайызға көп.

2025 жылы Өзбекстанға келген шетел студенттерінің саны мынадай:

Үндістан — 17 241 адам;

Түркіменстан— 9 349 адам;

Тәжікстан — 2 904 адам;

Пәкістан — 1 779 адам;

Қытай — 1 428 адам;

Оңтүстік Корея — 917 адам;

Қырғызстан — 912 адам;

Египет — 893 адам;

Филиппин — 745 адам;

АҚШ — 482 адам;

қалған елдер — 3 011 адам.

Бұл дерекке қарап, елдегі шетел студенттерінің едәуір бөлігі Үндістан мен Түркіменстаннан екенін байқауға болады.