Өзін соғыс ардагері ретінде таныстырған блогер Путинге бүлік туралы айтып, сес көрсетті

Александр Лунин. Видеодан скриншот.

Бұрын Украинада соғысқан Воронеж облысынан шыққан блогер Александр Лунин Владимир Путинге видеомәлімдеме жасап, Ресей президентіне күштік құрылымдардан “қандай да бір хат” тапсыруы керектігін айтты. Видео бірнеше күнде 5 млн қаралым жинаған.

“Агентство” басылымы Лунинмен тілдесіп, шынымен оның Украинада соғысқанын анықтаған. 2023 жылға дейін оның тегі Пустовалов болған.

Луниннің сөзінше, 24-25 маусымда онымен шенеуніктер сөйлесіп, егер Путин Лунинге “тікелей эфирде сөйлеуге” мүмкіндік бермесе, елде болып жатқан “бар шындықты жайып салатынын” айтқан.

Лунин ол шенеуніктердің нақты кім екенін және не себепті делдал ретінде оны таңдағанын айтпаған. Блогердің қорғаныс министрлігі өкілдерімен кездескенін растау мүмкін болмады.

Видеомәлімдеме Лунин сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлердің азапталып, заңсыз жазаланып жатқанын да айтқан.

Лунин сонымен бірге президентпен кездесу өтпесе, “әскер қару-жарақты Кремльдің өзіне қарсы бағыттайтынын” айтқан. Тағы бір видеода Лунин мұның “сандырақ емес” екенін ескертіп, оған немесе жақындарына “бірдеңе болса” мұны “әрекет етудің белгісі” ретінде қабылдайтынын айтқан.

"Агентство" басылымының жазуынша, Лунин 2023 жылы Ресей әскері басып алған Мелитопольға барып, еріктілер батальоны құрамында болған. Бастапқыда мерген болған, кейін командир болып тағайындалған. Кейін Запорожье облысында Ресей билігі құрған "Судоплатов атындағы техникалық даму мен қызмет орталығы" мемлекеттік унитарлы кәсіпорнында істеген. Луниннің сөзінше, қазір ол соғыста емес, себебі 2025 жылы майданнан оны "қуып жіберген".

"Агентство" басылымының тілшісімен әңгімеде Лунин соғыстағы таныстарынан майдандағы ахуал туралы хабар алып отырғанын жеткізген. Блогердің сөзінше, 25 маусымда онымен Воронеж облысының билігі өкілдері сөйлескен, бірақ олардың аты-жөнін айтпады.

Кремльдегілер әзірге Луниннің мәлімдемесіне реакция білдірмеді.

  • Үш жыл бұрын 24 маусымда 2026 жылы "Вагнер" жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің бүлігі болған. Кейін өзі бүлікті жалғастырудан бас тартқан. Көп ұзамай ұшақ апатында қаза болды.