17 – 21 маусым, 2013 жыл

Атырауда 32 жастағы Гүлмира Жұмашева жеті жылға сотталды. Оған "кәмелетке толмағандарды азаптады", "террорды насихаттады" деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, ол асырап алған баласын ҰҚК ғимаратында жарылыс жасауға дайындаған.

Анкарада шерушілерге полиция су шашты.

Британдық футболист Дэвид Бекхэм (ортада) 18 маусымда Шанхайға барды. Университетке келген футболшыны фотокамера ұстаған фанаттар қоршап алды. Жергілікті ақпараттарға қарағанда, кісі көп келгені сонша, 5 адамның жағдайы нашарлап, кездесу өтпей қалған.

Жапония премьер-министрі Шинзо Абе (сол жақтан екінші) мен Ресей президенті Владимир Путин Ангела Меркельдің артынан кетіп барады. "Үлкен сегіздік" (G8) саммиті, Солтүстік Ирландия, 18 маусым 2013 жыл.

Катардың сыртқы істер министрінің көмекшісі Али бин Фахд аль-Хаджри (ортада) мен "Талибан" қозғалысының белсендісі Джан Мохаммад Мадани (сол жақта). Дохадағы "Талибан" кеңсесінің ашылу салтанаты. АҚШ талибтармен келіссөз жүргізбек. 

Ауғанстанның Кабул қаласындағы БҰҰ босқындар лагерінде адамдар көлікке мініп жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама Берлиндегі Бранденбург қақпасында сөйлеуге дайындалып отыр. 19 маусым 2013 жыл.

Алматы облысындағы Ақкөл музыка мектебінің 7-сынып оқушысы Ольга Вернигорова. Азаттықтың "Нұр Отан" партиясының мектеп ғимаратын алғалы жатқаны туралы мақаласынан кейін, биліктің ол әрекетін тоқтатқаны мәлім болды.   

Ауғанстан әскеріне ел қауіпсіздігін күзету міндетін тапсырған НАТО сарбазының жасанды аяғы. Салтанатты шара Кабул маңында өтті. НАТО әскері 2014 жылы Ауғанстаннан кетеді.   

"Қорғас ісі" бойынша сотта отырған айыпталушылар. Бұл - Қазақстандағы ең ірі сот процесінің бірі. Сотталушылар - 45 адам. Алматы, 20 маусым 2013 жыл. 

Шеруші полициядан қашып келеді. Екі апта ішінде Бразилияның ірі қалаларында наразылық шарасына 200 мыңнан астам адам қатысты. Сан-Паулу, 18 маусым 2013 жыл.